RU
Теңге бағамының таяу арада құлдырайтыны рас па?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Теңге бағамының таяу арада құлдырайтыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Ұлттық банкі теңге бағамының құлдырайтыны туралы сыбысқа қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық банк. Фото: NUR.KZ

Ұлттық банк. Фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желілер, сондай-ақ мессенджерлер арқылы теңге бағамы және инфляция деңгейінің өсімі туралы жалған ақпарат тарап кеткен екен.

"Қазақстанның Ұлттық банкі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі таңда айқын және елеулі тәуекелдер жоқ ", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Соңғы уақытта байқалып отырған теңгенің айырбас бағамының болмашы ғана құбылуына, ең алдымен, демалыстар маусымына байланысты шетелдік валютаға сұраныстың артуы себеп болып отыр дейді құзырлы мекеме.

"Теңгенің айырбас бағамына әлемдік мұнай нарығы оң ықпал етіп жатқаны байқалуда. Мұнай бағасы орташа алғанда барреліне 70 АҚШ доллары шамасында қалыптасып отыр. Осы себепті елдің төлем балансы жақсара түсуде", — дейді мекеме өкілі.

Ұлттық банк жалған ақпараттың авторлары мен таратушыларды анықтау үшін құқық қорғау органдарынан көмек сұрады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
0
6
6
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel