RU
Мәскеуде жүргізуші бір топ мексикалық жанкүйерді көлігімен жайпап өтті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Мәскеуде жүргізуші бір топ мексикалық жанкүйерді көлігімен жайпап өтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Мәскеу орталығында такси жүргізушісі бір топ жаяу жүргіншілерлді көлігімен жайпап өтті. Жол апатынан кейін ол оқиға орнынан ізін жасырмақ болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Блокнот Новости желі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода жүргізуші жол апаты болған жерден қашып кетпек болып жатқаны және өзгелер оны ұстауға әрекеттеніп жатқаны байқалады.

Мәскеудің Ильинка көшесінде жол апатын жасаған азамат Қырғызстан тумасы Шыңғыс Анарбек болып шықты.

Ол көлікті басқара алмай қалғанын айтып, ақталуда. "Чекпойнт" компаниясына тиесілі көліктен сегіз адам зардап шеккен. Қаза болғандар жоқ.

Олардың жетеуінің жағдайы қанағаттанарлық, ал бірі - орташа ауыр халде. Зардап шеккендердің мексикалық жанкүйерлер екені анықталды.

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға видеоны көруге кеңес бермейміз!

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
5
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel