RU
Дычко америкалық боксшыны бірінші раундта сұлатып тастады
Жаңалықтар Спорт

Дычко америкалық боксшыны бірінші раундта сұлатып тастады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Иван Дычко мансабындағы алғашқы сегіз раундтық жекпе-жекті өткізіп, қарсыласын алғашқы раундта-ақ нокаутқа түсірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дычко. Фото: Prosports.kz

Дычко. Фото: Prosports.kz

Сент-Питерсбергтегі бокс кешінде ол 32 жастағы америкалық Майкл Марронемен (21-8, 15 КО) қолғап түйістірді.

Кездесу бірінші раундта қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Иван алтыншы рет жеңіске жетті, Марроне алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Fire Fist Boxing Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Джоди Калигуайр бұған дейін Дычконы болашақ әлем чемпионы деп атаған болатын.

Иван бұдан бұрынғы бес жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтаған болатын: ол үш қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірсе, екеуін үшінші раундта сұлатқан.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel