RU
«Star of Asia» фестивалінің алғашқы күні қалай өтті? (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

«Star of Asia» фестивалінің алғашқы күні қалай өтті? (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда өтіп жатқан фестиваль көрермендерді түрлі тосынсыйларымен қуантты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Әлемдік танымал жұлдыздар өнер көрсететін фестивальдің шымылдығын отандық жұлдыздар ашты. Қарақат пен Қыдырәлі, Төреғали Төреәлі, Алмас Кішкенбаев, Алашұлы тобы бастаған жұлдыздар жанды дауыста ән айтып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мадина Сәдуақасова мен Азамат Сатыбалды керемет кештің тізгінін ұстады.

Бүгін фестивальда Ресей, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан келген әншілер шығады және арнайы қонақ Араш пен Анастасия да келеді деп күтілуде.

Отандық әншілер фестивальдің алғашқы күні қызыл кілемнің үстімен жүріп өтіп, ерекше образдарымен таң қалдырды. Жұлдыздар сахналық қойылымдар үшін де көп дайындалғаны көрініп тұр.

Әншілер кешті естен кетпес қылып өткізу үшін барын салуда, алдын ала дайындалған қойылымдар мен бишілер, сахналық декорациялар мен жарық кеш қонақтарын бірінен соң бірі таң қалдырды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel