RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауыл тұрып, жаңбыр жауады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауыл тұрып, жаңбыр жауады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Ал батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауып, жел күшейіп, дауыл, бұршақ болуы мүмкін. Бұл туралы РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: kazhydromet.kz

Фото: kazhydromet.kz

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel