RU
АҚШ әлем чемпионатындағы теракт қаупін ескертіп, Ресейге бармауға шақырды
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ әлем чемпионатындағы теракт қаупін ескертіп, Ресейге бармауға шақырды

Рассказать Вконтакте

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейде әлемдік футбол чемпионаты өтіп жатқан орындарды терроршылар нысанаға алуы мүмкін екені туралы ескертті. Төнетін қауіптің сипаты жайлы егжей-тегжейлі айтылмаған деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Vesti.Ru

Фото: Vesti.Ru

Маусымның 15-і күні жариялаған хабаралмасында Мемлекеттік департамент АҚШ азаматтарына "терроризм" қаупі барын, сонымен бірге Ресейдің күш құрылымдары мен өзге шенеуніктері тарапынан "қудалау мен бопсалау" әрекеттері жасалуы ықтимал екенін ескертіп, Ресейге сапар шегуден бас тартуға кеңес берген.

"Әлем кубогы тәрізді халықаралық ірі көлемдегі шараларды терроршылар нысанаға айналдыруға тырысады", - деп санайды Мемлекеттік департамент.

"Әлем чемпионатындағы ауқымды қауіпсіздік шараларына қарамастан, терроршылар стадион, туристер баратын жерлер, жанкүйерлер алаңы, көлік тораптары мен өзге де қоғамдық орындарды нысанаға алып, шабуыл жасауға талпынуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ресей мен өзге де бірқатар мемлекетте тыйым салынған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өткен жылдың соңынан бері футбол матчтарын өткізбей тастайтыны туралы әлеуметтік желілер арқылы қоқан-лоқы жасаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel