RU
Өлуге дайындалдық: Киевте 169 жолаушы мінген ұшақ апатты жағдайда қонды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өлуге дайындалдық: Киевте 169 жолаушы мінген ұшақ апатты жағдайда қонды

Рассказать Вконтакте

Bravo Airways әуе компниясына тиесілі ұшақ Анталиядан Киевке келіп қона бергенде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Бортта отырған 169 жолаушы зәре құты қашып, өлімге дайындалғанын айтады. Бұл туралы tsn.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бейнеролик авторының айтуынша, ұшақ қатты шайқалған кезде, экипаж жолаушыларға ешнәрсе түсіндірмепті.

"Бәріміз құдайға жалбарындық. Тіпті өлуге дайындалып отырдық", - дейді жолаушылардың бірі.

Айта кетейік, оқыс оқиға 14 маусым күні орын алған. Абырой болғанда зардап шеккендер болмады. Ұшақ тоқтай салысымен, онда құтқарушылар тобы келіп жеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel