RU
Жамбыл облысында пойыз апатынан қаза тапқан жасөспірім жайлы тың деректер белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында пойыз апатынан қаза тапқан жасөспірім жайлы тың деректер белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы жолаушылар пойызы апаты салдарынан қаза тапқан жасөспірімнің Қарағанды облысы тумасы екені белгілі болды деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Оқиға куәгерлерінен

Фото: Оқиға куәгерлерінен

Басылымның мәліметінше, 12 жастағы оқушы ата-анасымен Ыстықкөлге демалуға бара жатқан екен. Ал пойыз рельстен шығып кетіп, аударылған сәтте ол дәретханада болған көрінеді. Осы кезде қатты жарақат алған.

Дәрігерлер қанша тырысса да, жеткіншекті ажалдан арашалай алмаған.

Жасөспірімнің денесі мәйітханаға жеткізілді. Онда тиісті сараптама жұмыстары жасалуда. Ал ата-анасы қонақүйге орналастырылды.

Сондай-ақ күшейтілген жұмыс режиміне көшкен Шу қаласындағы ауруханада екі аяғы да сынған астаналық азаматқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 17 маусымда Сарышаған-Шу учаскесінде Астана-Алматы бағытындағы #9/10 пойызының жолаушылар отыратын 8 вагоны рельстен шығып кетіп, үшеуі аударылып қалған еді.

Апаттан бір адам қаза тауып, 11 адам зардап шеккен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
17
3
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel