RU
Әлем чемпионатында әкесіне тәуелді рекордты бұзған футболшы кім?
Жаңалықтар

Әлем чемпионатында әкесіне тәуелді рекордты бұзған футболшы кім?

Рассказать Вконтакте

Биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Дания құрамасы Перу футболшыларына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Дәл осы ойында Дания құрамасының қақпасын қорғаған Каспер Шмейхель рекорд жаңартты деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: leicester.ru

Фото: leicester.ru

Басылымның мәліметінше, Перу құрамасының гол соғуына мүмкіндік бермеген Каспер ұлттық құрама сапында қақпасын 540 минут бойы голдан аман сақтап келеді.

Бұл – Дания құрамасы тарихында жаңа рекорд. Бір қызығы, аталған рекорд бүгінге дейін Каспердің әкесі Петер Шмейхелге тәуелді болатын (470 минут).

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Бұдан бөлек, Шмайхелдер екеуі де Әлем чемпионатына қатысқан алғашқы әкелі-балалы қақпашылар атанды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel