RU
Жамбылда пойыз апатынан аман қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді (фото, видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жамбылда пойыз апатынан аман қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

"Астана-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызында орын алған апаттан 14 адам ауыр жарақат алып, біреуі көз жұмды. Пойыз ішінде болған жолаушылар оқыс жағдайдың қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы 24.kz арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Facebook.com/Марғұлан Боранбай

Фото: Facebook.com/Марғұлан Боранбай

Қауіпті вагонда Астанадан келе жатқан кішкентай балалар да болған.

"Вагонда 29 адам, 18 кішкентай бала болды. Біз ұстазымызбен жолға шыққанбыз. Пойыз аударылып жатқанда не болғанын түсінбей қалдық. Терезені сындыра бастадық, бірақ ол жерде балға болмады. Бір жігіт шығып, оны қағып түсірді. Барлық балаларды сыртқа шығардық. Қалай болғаны есімде жоқ. Мұндайды өмірімде бірінші рет көрдім. Бұл біздің соңғы сапарымыз болды", - дейді жолаушылардың бірі.

Пойызда сондай-ақ әскери қызметкерлер де болған екен. Олар өздерінің қансырап тұрғанына қарамастан, зардап шеккен басқа жолаушыларға бірден көмекке кірісіпті.

Вагондарда қысылып қалғандарды құтқару үшін қолдағы бар зат құрал ретінде пайдаланылған. Өкінішке орай, апатты жағдайдан бір бала қайтыс болды. 2006 жылы туылған марқұм Малинев Григорий Александрович Шу қаласының тұрғыны екен.

Қаладағы ауруханалардың барлығы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 11 адам дәрігерлер көмегіне жүгінсе, бір азамат ауыр жарақаттарымен Шу қалалық ауруханасына жеткізілген.

Астаналық Әліби Байжанов оң және сол санының сүйектері сынған. Енді оның бөлініп қалған сүйектерін ота жасап, қалпына келтіреді екен.

Хабар 24 видеосынан скриншот

Хабар 24 видеосынан скриншот

"Күтпеген жерден тежегішті қатты басып қалды. Терезе сынды. Мен орнымнан тұрған кезде қиыршықталған тастың үстінде жаттым. Ол жерде шаңның қатты болғаны соншалық, жан-жағымда ешкім көрінбеді. Адамдар бір-біріне вагоннан шығуға көмектесіп жатты. Менің екі аяғым да сынып кетіпті", - деп еске алады жолаушы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
14
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel