RU
Жартылай жалаңаш денесін көрсеткен отандық актриса жұрттың қаһарына ұшырады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жартылай жалаңаш денесін көрсеткен отандық актриса жұрттың қаһарына ұшырады (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық актриса Айнұр Ильясова көпшілікке жартылай жалаңаш денесін көрсетемін деп желі қолданушыларынан сөз естіп қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айнұр Ильясова. Фото: Cosmo.kz

Айнұр Ильясова. Фото: Cosmo.kz
Source: UGC

Ол көпшілікке өзінің артық салмағынан арылғанын айтып, мақтанғысы келген.

"Соңғы уақытта қатты арықтап кеттім. Қазір менің салмағым 51 келі. Бұрын 53-54 келі салмақпен жүретінмін. Мұның еш құпиясы да жоқ. Мұның бәрі демалмастан жұмыс жасағанымның арқасы.

Айтпақшы, маған "Енеңнен ұялмайсың ба?" деп жазудың керегі жоқ. Себебі, енем заманауи адам", - деді Ильясова.

Ал желі қолданушылары, қандай жағдайда да актрисаның бір шаңырақтың келіні екенін алға тартты.

"Масқара. Жағажай киімі болса да, орамалмен жабуға болады ғой", "Енеңіз заманауи болса да, атаңыз бар ғой", "Күйеуіңнің намысы жоқ екен", "Қайын жұртыңнан ұят болды-ау" деді оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
17
1
6
0
3
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel