RU
Белгілі журналист құдалық сияқты өтетін мектеп бітіру кештеріне күйінді
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі журналист құдалық сияқты өтетін мектеп бітіру кештеріне күйінді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның түкпір-түкпірінде мектеп түлектерінің қоштасу кеші өтті. Осыған орай, журналист Жазира Бегалы қазақ мектептерінің қоштасу кештері құдалық той сияқты өтетінін айтып, өз күйінішін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның айтуынша, орыс мектебі түлектерінің қоштасу кеші қарапайым түрде өтеді. Ал, қазақ мектептерінде ата-аналар мектеп бітіру кешін құдалық тойға айналдырып жіберіп, үлкен зал, әнші-әртіс, асаба жалдайды.

Журналист мектеп бітіру кештеріне асабаның керек еместігін және түлектердің онсыз да бірге отырып еске түсіретін талай дүниенің барын айтты. Айтуынша, осындай шаралар түкке де керек емес екен. Себебі тұрмысы төмек отбасыда тұратын жеткіншек іштей қиналып, қобалжиды. Осының бәріне назар аудармаған білім басқармасының әрекетіне журналист аң-таң.

Жазира Бегалы дүркіретіп өтетін осындай жиындарды тым даңғазалыққа теңеген.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel