Выйти
RU

"Масқара болдық": Марадона Аргентина құрамасының ойын тактикасын сөгіп тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аты аңызға айналған Диего Марадона әлем чемпионатындағы Аргентина құрамасының ойнына көңілі толмағанын айтты. Ол бас бапкер Хорсе Сампаолидің қолданатын тактикасын қатты сынап тастаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Диего Марадона. Фото: ©РИА Новости/Владимир Астапкович

Диего Марадона. Фото: ©РИА Новости/Владимир Астапкович

«Егер Аргентина өзінің ойын мәнерін өзгертпесе, Сампаоли елге оралмай-ақ қойса да болады. Құрама Исландиямен ойынға дайын болмаған, бұл нағыз масқара», - деп төтесінен айтты Диего Марадона.

Марадонаның айтуынша, бас бапкер ойын тактикасын дұрыс құрмаған. Тіптен, оның өзіндік ойын жоспарының барына да футбол жұлдызы күмәнданады.

«Ойыншылардың жазы жоқ. Бар мәселе дайындықтың тапшылығында, тіпті жаттығулар болмады десек те болады. Аргентиналықтар қарсыластарының еңгезердей бойына қарамастан әуелетіп ойнады. Егер қысқа пастармен ойнағанда жағдай біз ойлағаннан жақсы болар еді», - деп сөзін түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Аргентина мен Исландия арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталған. Аргентиналықтардың бас жұлдызы Лионель Месси кездесу барысында белгіленген пенальтиді соға алмай қалды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Масқара болдық": Марадона Аргентина құрамасының ойын тактикасын сөгіп тастады