RU
Айнұр Тұрсынбаева оқырмандары арқылы қалай ақша тауып отырғанын бүкпесіз айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айнұр Тұрсынбаева оқырмандары арқылы қалай ақша тауып отырғанын бүкпесіз айтты

Рассказать Вконтакте

Star of Asia фестивалінің қадірлі қонағы болған Айнұр Тұрсынбаева NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген сұхбаты барысында әлеуметтік желі арқылы қалай ақша табатынын жасырмай мәлім етті.

Айнұр Тұрсынбаева. Фото: Stan.kz

Айнұр Тұрсынбаева. Фото: Stan.kz

Айнұр Тұрсынбаева бүгінде желідегі парақшасы арқылы кәсіппен айналысып отырғаны жасырын емес. Айтыскер оқырмандарымен бірігіп кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі. Осы орайда Тұрсынбаева әлеуметтік желінің пайдасы туралы айтып берді.

"Мен үшін әлеуметтік желінің пайдасы көп. Мені қарапайым халық көтерді. Менің дәрежемді де, тіпті бизнесімді де көтеріп отырған халық. Сондықтан мен оны Instagram деп емес, халық деп қабылдаймын", - деп айтты.

Айтуынша желіні негізгі табыс ретінде қолданбайды. "Мені асырап отырған – менің танымалдылығым", - деді айтыскер.

Сонымен қатар ақын қазіргі сары басылымдарға көңілі толмайтынын айтты. Ол бүгінгі желіде тараған алып-қашпа әңгімелер үшін уайымдайды. Дегенмен өзі туралы жағымсыз пікірлер мен жалған ақпараттармен күресудің орнына айналып өтеді екен. "Мен өзімде журналистика мамандығын бітіргенмін, менің ойымша адамның тағдырына араласып, жеке өміріне қол сұғу – халықты азғындау болып табылады. Жақсы жаңалықтарды көбірек жазған дұрыс шығар", - деп сөзін аяқтады айтыскер-ақын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
5
1
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel