RU
Ағылшын футболшылары орыстың ұлттық тағамын жеуден бас тартты
Жаңалықтар

Ағылшын футболшылары орыстың ұлттық тағамын жеуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

Англия құрамасы футболдан әлем чемпионатына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келіп, Зеленегорскідегі алғашқы дайындығын өткізді. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Алексей Даничев / РИА Новости

Фото: Алексей Даничев / РИА Новости

Курортный ауданының әкімдігі құраманың бас бапкері Гарет Саутгейт пен шабуылдаушы Харри Кейнге самаурын мен "каравй" ұлттық тағамын сыйлады. Бірақ ағылшындар болса, тағамнан дәм татудан бас тартты.

Еске салайық, 10 маусым күні әлем чемпионатына Португалия ұлттық құрамасы келді. Оларға да каравай тағамы ұсынылған болатын. Олар тұз бен наннан дәм татуға келіскен, бірақ бұл салт шабуылдаушы Криштиану Роналдудың күлкісін келтірді.

The Sun басылымы наурыз айының басында хабарлағандай, ағылшын футболшылары әлем чемпионатына өздерімен бірге аспазшылар мен азық-түлігін алып келген. Себебі олар уланып қалудан қорқады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel