RU
Атырауда емханаға келген әйел абайсызда төсінен айырылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда емханаға келген әйел абайсызда төсінен айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Атырауда дәрігерлер емделуші әйелдің төсін алып тастаған. Ампутация жайлы шешім облыстық онкология диспансері дәрігерлерінің жасаған жедел биопсия негізінде қабылданды деп хабарлайды Мой ГОРОД порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: EtoDavlenie.ru

Фото: EtoDavlenie.ru
Source: UGC

Жергілікті тұрғын "№2 Атырау қалалық емханасы" мен "Атырау облыстық онкодиспансеріне" 3,5 млн теңге көлемінде материалды зардап пен 20 млн теңге көлемінде моральды зардапты өтеп беру жөнінде сотқа шағымданған болатын.

"Сотта әйел 2016 жылдың наурыз айында оң жақ төсінің ауырып тұрған белгісімен емханадағы дәрігерлерге жолыққанын айтты. Олар дер кезінде ем көрсетпегендіктен әйелдің ауруы асқынған. Салдарынан Атырау сот экспертизасының мамандары әйелден сүт безінің обырын анықтады. Бірақ кейін диагноздың жалғандығы расталды. Осының барлығы ірің-некротикалық үрдістің созылуына және мүшенің алынып тасталуына өз әсерін берді", - деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуіне байланысты іс тек жартылай ғана қанағаттандырылды. Сот "№2 Атырау қалалық емханасы" мен "Атырау облыстық онкологиялық диспансерінен" әйелдің пайдасына 3 130 200 теңге материалдық зардабын және 3 млн теңге көлемінде моральдық зардабын өтеп беруін талап етті.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel