RU
Байзақова көмектеспейді: Хайп жасамақ болған жігіттер ұятқа қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Байзақова көмектеспейді: Хайп жасамақ болған жігіттер ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Байзақованы клипіне түсіріп, миллионнан астам қаралым жинаған "Alem band" тобы сол істерін тағы қайталады. Бастапқы бейнебаяндарын жылы қабылдаған көпшілік, бұл жолы топ жігіттерін ұятқа қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Байзақова мен "Әлем бенд". Фото:Yvision.kz, Вконтакте. Коллаж: NUR.KZ

Байзақова мен "Әлем бенд". Фото:Yvision.kz, Вконтакте. Коллаж: NUR.KZ

Атышулы арумен "Қалаулым" деп клип түсірген жас жігіттер, кезекті бейнебаяндарын "Қылықтым" деп атаған.

Алайда оқырмандар ерсі қимылдарымен, ортада билеп шыққан Байзақова мен үш жігітті сынға алды.

"Бұл жолғы бейнебаяндарың өтпейді", "Тағы да хайп жасамақ болдыңдар ма?", "Байзақованы қоссаңдар да, танымал бола алмайсыңдар", "Өзгенің атын жамылып, қаралым жинағандарың ұят емес пе?".

"Масқара, ортада жабысқан киіммен оны шығарып қойғаны несі?", "Қалаулым", "Қылықтым". Келесі клиптің аты қандай?", "Байзақова сәннен қалды қазір", "Клип емес, ұятсыз фильм түсіре салмадыңдар ма?" деді ашуланған желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
1
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel