RU
Мексиканың голына қуанған комментатор қуаныштан айғайға басты (видео)
Жаңалықтар

Мексиканың голына қуанған комментатор қуаныштан айғайға басты (видео)

Рассказать Вконтакте

Германия мен Мексика арасындағы ойын кезінде Ирвинг Лосаноның соққан голы жер сілкінісін тудырып қана қоймай, барша мексикалықтарды қуанышқа бөледі. Әсіресе тікелей эфирді жүргізіп отырған мексикалық комментаторлардың қуаныштарында шек болған жоқ деп хабарлайды sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sport-express.ru/Александр ФЕДОРОВ

Фото: sport-express.ru/Александр ФЕДОРОВ

Отандастарының сенімді жеңісіне разы болған журналистер қуаныштан айғайға басып, БАҚ өкілдеріне арналған орталықты бастарына шығарды.

Олар өз елінің нағыз патриоттары қалай қуану керектігін дүниежүзіне паш етті. Комментаторлардың ерекше сәтін бейнекамераға таспалаған әріптестері видеоны желіге бірден жүктеп жіберген.

Аздаған уақытта атаулы бейнежазба көптеген қаралым жинап, желі қолданушыларын тәнті етті.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel