RU
Болашақтың дерті: 2045 жылға қарай әлемді қандай індет жаулайды?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Болашақтың дерті: 2045 жылға қарай әлемді қандай індет жаулайды?

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар мен дәрігерлер алдағы уақытта әлемде түрлі індет тарауы мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Мамандар болашақтағы дерт түрлері мен одан қалай сақтануға болатынын айтып берді деп хабарлайды fakty.ictv.ua сайтынан сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: bryansktoday.ru

Көрнекі фото: bryansktoday.ru

Мамандардың сөзінше, алдағы 10 жылда адамзат үшін қатерлі аурулар көбейіп, онымен күрес қоғамның басты мәселесіне айналады. Солардың ішіндегі ең қатерлісі мыналар:

X ауруы

Белгісіз «X сырқаты» Ласса, Эбола сынды аурулармен пара-пар. Сондай-ақ оның «Испаниялық тұмаумен» де көп ұқсастығы анықталған. Бәрімізге белгілі, "Испаниялық тұмаудан" 1918-1919 жылдары 50-100 миллионға жуық адам мерт болған еді.

Семіздік

Ғалымдар адам ағзасын зерттей келе, 2045 жылға қарай планетамыздың 22 пайызы семіздікке шалдығатынын болжап отыр. Әрбір сегізінші адам қант диабетінің екінші деңгейімен ауыруы мүмкін дейді олар.

Қатерлі ісік індеті

Шылым шегу, диета, ауаның ластануы, химиялық қоспалардың тамақта аөп қолданылуы, тіпті күннің сәулесі де алдағы 10 жылдықта қатерлі дертке ұшыратуы мүмкін.

Күйзеліс

2030 жылға дейін күйзелістен қайтыс болатындардың саны көбейеді екен. Жүз жыл бұрын күйзелістен небәрі бір адам көз жұмса, қазір олардың саны 20-30 адамнан көп және болашақта арта бермек.

Күйлесіске ер адамдарға қарағанда әйелдер көп түседі екен. Олардың тек 10 пайызы емделіп, қалғандары өз-өзіне қол жұмсауғңа дейін барған. Ал, әзірге ғалымдар бұл аурудан айығудың жолдарын іздестіруде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
4
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel