Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неймардың әлем чемпионатындағы шаш үлгісі жанкүйерлерге ұнамай қалды

Опубликовано:

Неймар әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді, ал оны бүкіл әлемі жаңадан қойған шаш үлгісі үшін талқылап жатыр. Оның шашы Джастин Тимберлейк пен "Манчестер Юнайтед" кезіндегі Криштину Роналдудың стиліне ұқсап қалғаны байқалады. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru/Kevin C. Cox, Shaun Botterill
Фото: Gettyimages.ru/Kevin C. Cox, Shaun Botterill: UGC

Неймар мұндай шаш үлгісін жақсы көргендіктен қоймаған болар. Ол әлем чемпионатына төрт айлық үзілістен кейін келді ("Марсельге" қарсы матчта ол жарақат алған болатын). Оның үлгі тұтар тұлғасы Роналдо 2002 жылғы әлем чемпионатының алдында да қызық шаш үлгісін қойған болатын. Сол кезде ол сегіз гол соғып, Бразилияны чемпион етті.

Фото: Sport.ru
Фото: Sport.ru: UGC

Кеін Роналдо халық оның жарақатын емес, шаш үлгісін талқыласын деп осындай қадамға барғанын айтқан болатын.

Фото: Gettyimages.ru/Kevin C. Cox, Shaun Botterill
Фото: Gettyimages.ru/Kevin C. Cox, Shaun Botterill: UGC

Роналдоның сол кездегі шашы танымал болды. Оны әлі күнге шейін жанкүйерлер есіне алады. Неймар 2002 жылы кумиріне ұқсау үшін шашын сол секілді қиып тастағанын айтқан.

Фото: supersport.al
Фото: supersport.al: UGC

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1737716-nejmardy-lem-cempionatyndagy-sas-lgisi-zankjerlerge-namaj-kaldy/

pixel