Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Назарбаев ашып берген жас актрисаның ұзатылу тойы қалай өтті? (фото, видео)

Опубликовано:

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың сынға іліккен "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" сериалында Баян сұлу рөлін сомдаған жас актриса Гүлзада Тұрлаштың ұзатылу тойы өтті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Instagram әлеуметтік желісіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Актрисаның ұзатылу тойы Алматыдағы ең ірі мейрамханалардың бірінде дүркіреп өтті. Тойды Болат Назарбаев ашып, жастарға бақытты ғұмыр тіледі. Гүлзаданы тойхана ішіне танымал әнші Қарақат Әбілдина алып шықты. Ал, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева болса актрисаға өзінің арнау-тілегін жолдады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сонымен қатар, тойда Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі әкесімен бірге, әнші Айқын, Алтынай Жорабаева, Гүлнұр Оразымбетова мен журналист Майя Веронская бой көрсетті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Жас актриса Гүлзада Тұрлаштың ұзатылу тойындағы әсем көйлегін танымал дизайнер Наиль Байкучуков тігіп берген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: instagram/gulzada_keness
Фото: instagram/gulzada_keness: UGC

Айта кететін жайт, жас актриса Темірлан Кеңес есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол өзінің Тұрлаш деген тегін де ауыстырып үлгерді.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Ескерту! Материал ҚР заңнамасымен қорғалған. NUR.KZ порталының жазбаша рұқсатынсыз материалды көшіріп-басуға қатаң тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737729-bolat-nazarbaev-asyp-bergen-zas-aktrisany-zatylu-tojy-kalaj-tti-foto-video/

pixel