RU
Баян Мақсатқызының топқа қатысты жаңалығын естіген Кешью қыздары таңданысын жасыра алмады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Мақсатқызының топқа қатысты жаңалығын естіген Кешью қыздары таңданысын жасыра алмады

Рассказать Вконтакте

Екі күнге созылған Star of Asia фестивалі жұлдызды қонақтарға толы болды. Құрамы өзгеруден шаршамайтын КешYou тобы кеш барысында NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.

Kesh you. Фото: www.instagram.com/p/BkCy97VHh2B/?taken-by=keshyou_official

Kesh you. Фото: www.instagram.com/p/BkCy97VHh2B/?taken-by=keshyou_official

Әнші қыздар топтың болашағы мен шығармашылық өмір туралы сөз қозғады. Бәрімізге белгілі танымал топтың құрамы жиі ауысып отырады, өзгерістерге үйреніп кеткен қыздар фестиваль барысында жанды дауыста ән шырқады.

Айта кетейік жақында қыздардың продюсері Баян Алагөзова Instagram парақшасында "КешYou"-дің келесі әні "ұят" туралы болады деп жазған болатын. Қыздардан жаңа ән туралы сұрап едік, бұл туралы әлі күнге дейін білмейтін болып шықты.

"Шынымызды айтсақ, бұл туралы біз әлі білмейміз. Бәлкім өздері дайындап жатқан шығар, бізге айтқан жоқ, өзімізде білмейміз", - деп жауап берді. Қыздар алдағы уақытта Алматы мен Астанадағы концерттер және "Алау" тобымен дуэт, жаңа бейнебаян жоспарланған.

Сонымен қатар қыздар бүгінгі шоу бизнестегі хайп құмар әріптестері туралы сөз қозғады.

"Біз хайпқа қатты құмар емеспіз. Қазір көптеген қазақ қыздары желіде оқырман жинау үшін жалаңаштанып бара жатқан сияқты", - деді. Осы орайда тілші қыздардың соңғы бейнебаяндарындағы ашық образдары туралы сұрады. Қыздардың ойынша клиптегі киімдері әлдеқайда қарапайым. Өнер адамы болғандықтан образды талап етеді.

"Біздің образдарымыз продюсеріміздің шешімі", - деді. Сұхбат барысында "КешYou"-ліктер шетелдік әріптестерінен қалмай ағылшын тілінде ән жазуға дайын екендіктерін айтты.

"Өзге тілде ән айтуға бізді де деңгейіміз жетеді. Кез келген нәрсеге қол жеткізуге болады. Идея, вокал, тіл білімі жағынан деңгейіміз жетеді. Жалпы қолымыздан келеді. Бірақ біздің аудиториямыз қазақ елі. Сондықтан олар ағылшынша әнді керек қылмайды деп ойлаймыз", - дейді топ мүшесі Балжан.

Әнші қыздардан өнер саласында жүрген қыздардын артынан еретін әңгімелердің рас-өтірігін де сұрап үлгердік. Шоу бизнестің нәзік жандыларына қалталы "ағайлардан" түрлі ұсыныстар түседі дегенді жиі естиміз. Сымбаты мен сәні келіскен қыздарды бұндай ұсыныстардан продюсері қорғайды екен.

Топ әншісі Балжан "КешYou"-ға келмес бұрын бұл туралы естіп, аздап қорыққанын жасырмады.

"Мен ән айтпай тұрып әнші қыздар туралы түрлі қауесеттер еститінмін. Тіпті қорқатынмын да, себебі тәрбиеміз мүлде жат. Жеңіл жүріске жақын емеспіз", - деп ағынан жарылды. Баян ханым қыздардың дәрежесін өзі қорғайтын көрінеді. Әнші қыздар бүгінде топтың он жылдан бері жиналған көйлектерін сатып жатыр. Продюсермен келіскендей түскен қаражаттың барлығы қайырымдылыққа жұмсалады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel