RU
Құдайға тапсырдым: Томирис Байсафаның анасы Меджидовтер отбасына сәлемдеме жолдады
Жаңалықтар Қоғам

Құдайға тапсырдым: Томирис Байсафаның анасы Меджидовтер отбасына сәлемдеме жолдады

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде терезеден құлап қайтыс болған қыздың анасы Жанна Ахметова Дағыстан билігінің бұрынғы басшысы Мұхтар Меджитовтің отбасына сәлемдеме жолдады. Шенеуіктің баласы Томирис Байсафаның МГИМО терезесінен құлайтын күні оның қасында болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: nur.kz. Фото: БезФормата.Ru, instagram

Коллаж: nur.kz. Фото: БезФормата.Ru, instagram

Өзінің Instagram парақшасына қайғыдан қан жұтқан ана жаңа жазба жариялады.

"Меджидовтер отбасына жазып отырмын. Олар қазақстандық БАҚ өкілдерінің бұл мәселеге қатысты жазғандарын үнемі саралап отырады. Менің жазбамды да басып шығарып, қабырғаларыңа іліп қойыңдар!" , - деп бастады хатын Жанна Ахметова.

"15 маусым күні сен, Мұртазали Меджидов дипломдық жұмысыңды қорғап шықтың. Жақын күндері оны қолға да аласың. Алайда, қараңғыда өзің жалғыз қалғанда, сен бұл жетістігің менің Томирисімнің арқасы екенін түсінесің. Егер де ол сені алға жетелеп, сабақ оқуға мәжбүрлемесе, оның үстіне сен үшін конспекттерді жазып, сенің жақсы баға алуың үшін тырысып бақпағанда сен бұл дипломға қол жеткізбес едің. Оны сен де, мен де жақсы білеміз" , - деп жазды қайғыдан қан жұтқан ана.

Ол қайғылы оқиға күні дәл сол кабинетте бар-жоғы екі адам болғанын да айтып өтті.

"Қарапайым арифметика. Ол күні кабинетке екі адам кірді. Бірі тірі шықса, екіншісі қазір өмірде жоқ. Сен сонда да өзіңді кінәсіз санайсың ба? Тергеудің нәтижесі қандай болары маған бәрібір. Мен қазір ол жөнінде айтып жатқан жоқпын. Бойы 158 см, салмағы 45 келі қыз сенен бес жүз миллиард есе мықты.

Мен сені және сенің жанашырлық қасиет атаулысы жоқ отбасыңды жібердім, Құдай сендерге төреші" , - деп қорытындылады ол.

Жазбаның астындағы пікірлерде қайтыс болған студент қыздың анасы істі адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа тапсырғандарын растады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel