RU
Тәулігі 350 мың теңге: Астананың ең қымбат қонақүйлері қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Тәулігі 350 мың теңге: Астананың ең қымбат қонақүйлері қандай?

Рассказать Вконтакте

Астана еліміздегі ең қымбат қала екенін ескерсек, мұндағы қонақүй бөлмелерін жалға алу бағасы да шарықтап тұр екен. Мәселен ЭКСПО аумағындағы "The Ritz-Carlton Астана" қонақүйінің бір бөлмесін бақандай 346 мың теңгеге жалға ала аласыз деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Елорданың қымбат әрі шетелдік меймандар көп келетін қала екенін ескерсек, мұндағы қонақүй бағаларының да дәл солай шарықтап тұрғанына көз жеткіздік. Мәселен, былтыр ғана бой көтеріп, қаланың сол жағалауына ерекше көрік беріп тұрған "The Ritz-Carlton Астана" қонақүйі қаладағы ең қымбат мейманхана екен.

Мұндағы апартаменттерді бір тәулікке жалға алу құны 82 мың мен 346 мың теңге аралығын қамтиды. Ал стандартты бөлмелердің орташа бағасы шамамен 160 мың теңге.

Айта кетерлігі аталған қонақүй шетелдіктер арасында ерекше сұранысқа ие екен. Олардың дені мейманхананың ішкі дизайны ерекше әрі тағамдарының өте дәмді екенін алға тартқан. Сондай-ақ, онда спа-салондарынан бастап, байссейн, тіпті хамам моншаға дейін да бар болып шықты.

The Ritz-Carlton қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

The Ritz-Carlton қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

The Ritz-Carlton қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

The Ritz-Carlton қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

Былтырғы жылы ғана ЭКСПО аумағында бой көтеріп, өзінің сыртқы келбетімен талайды тамсандырған келесі бір қонақүй - "Hilton Astana" мейманханасы болып табылады.

Мұнда бір бөлмені тек бір тәулікке ғана шамамен 115 мың теңгеге жалға ала аласыз. Ал жалпы қонақүйдегі апартаменттер бағасы 33-133 мың теңге аралығын қамтитын көрінеді.

Бес жұлдызды қонақүй меймандары үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Онда фитнес орталығы, мейрамхана, тіпті спа-салондары да бар.

Hilton Astana қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

Hilton Astana қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

Hilton Astana қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

Hilton Astana қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

Бағасы тұрғысынан өзгелерден кем түспейтін Астанадағы тағы бір қонақүйлердің бірі – "Astana Marriott Hotel" деп аталады. Мейманханадағы бөлмелердің бағасы шамамен 90 мың теңгені құрайды.

Жалпы бұл қонақүйде тәулігі 40-100 мың теңге аралығын қамтитын апартаменттерді кездестіре аласыз. Айта кетерлігі мұнда интернет қызметі, автотұрақ пен бөлмелерді тазалау қызметі тегін көрсетіледі екен.

Astana Marriott Hotel қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

Astana Marriott Hotel қонақүйі. Фото ашық дереккөзден алынды

Елордада алғашқылардың бірі болып бой көтерген қонақүй – "Rixos President Astana Hotel" мейманханасы. Мұндағы апартамент бағалары 45-117 мың теңге аралығын қамтиды екен.

Ғаламтордағы ашық дереккөздерге сүйенсек, бұрындары елордасы Астанаға көшірілген уақытта шетелдік мәртебелі меймандар дәл осы қонақүйге жайғастырылған.

Rixos President Astana Hotel. Фото ашық дереккөзден алынды

Rixos President Astana Hotel. Фото ашық дереккөзден алынды

Астанадағы бес жұлдызды әрі элиталы қонақүйлердің бірі – "Radisson Hotel Astana»" мейманханасы. Есілдің жағасында орналасқан қонақүйде бір бөлмені жалға алу құны шамамен 90 мың теңгені құрайтын көрінеді.

Ал жалпы мұнда 46-124 мың теңге аралығындағы бөлмелерді жалға алады екенсіз. Мейманханада жатын бөлмелерден бөлек, түрлі бизнес кездесулер өтетін арнайы залдар да бар көрінеді.

Radisson Hotel Astana. Фото ашық дереккөзден алынды

Radisson Hotel Astana. Фото ашық дереккөзден алынды

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel