RU
Шымкентте жағдайы жақсы шенеуніктер қолжетімді баспаналарды иеленіп алған
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жағдайы жақсы шенеуніктер қолжетімді баспаналарды иеленіп алған

Рассказать Вконтакте

Жергілікті депутаттар мемлекеттік бағдарламалар аясында тапсырылатын пәтерлердің бөлінуіне күмәнмен қарап отыр. Сондықтан баспана кезегін жаппай электронды нұсқаға ауыстыру қажеттігін алға тартуда деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Өмірзақ Мелдеханов. Фото: NUR.KZ

Өмірзақ Мелдеханов. Фото: NUR.KZ

Бұл туралы "Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы" атты үндеуін жүзеге асыруға арналған "Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясы мәжілісінде айтылды.

Халық қалаулылары пәтер кезегін жылдар бойы күтіп, бүгінде үмітін үзе бастаған тұрғындар партияның жергілікті филиалдарына арызданады деп отыр.

ОҚО мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдехановтың айтуына қарағанда, 1994 жылы тұрғын үй кезегіне тұрған азамат әлі күнге пәтер кілтіне қол жеткізе алмай жүр.

"Үйі бар, осында тұратын басшылық қызметте жүрген азаматтар мемлекеттен берілетін пәтерлерді алған. 1994 жылы пәтер кезегінде тұрған азаматтардың кезегі әлі күнге жылжымаған. Осы сауалдың жауабын ешкім бере алмай отыр" - деді шағымданушының сөзіне сүйенген депутат.

Қолжетімді баспаналарды үлестіруде сенімсіздік танытқан халық қалаулысы мемлекеттік бағдарламалар аясында үйлі болғандардың тізімі жарияланған газет тігінділерін де талап етті.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
2
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel