RU
Төсекке байлап ұстаған: Қызына жігітпен кездесуге рұқсат бермеген қатыгез әке жаға ұстатты
Жаңалықтар Әлемде

Төсекке байлап ұстаған: Қызына жігітпен кездесуге рұқсат бермеген қатыгез әке жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Аргентинадағы Венадо-Туэрто қаласының тұрғыны Мариса Алмирон 20 жыл бойы өз туғандарының қорлығын көріп келді. 42 жастағы әйелді адам сенгісіз жағдайдан жергілікті полицейлер мен көршілер жұмыла құтқарып қалған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Осыдан 20 жыл бұрын жігітпен кездесіп қойғаны үшін Мариса әкесінен оңбай таяқ жеген. Ер адамның ашуланғаны соншалық ол туған қызын төсекке байлап, үйден мүлдем шығармай қойды.

Араға сегіз жыл тастап қатыгез әке өмірден озғанда, бойжеткен босап шығатынына үмітті болды. Алайда, ер адамның ісін жалғастырауға серт берген ағасы Марисаны байлаудан босатпай қойған.

Оның өзінен үлкен алты ағасы мен әпкелері бар. Олардың барлығы бұл жантүршігерлік жағдайға бей-жай қарай берген.

Үнемі айқай шығатын үйдің ішінде бір бүлік барын сезген көршілер оны жергілікті полицияға хабарлап, 20 жыл өткен соң Марисаны өз туғандарынан құтқарып алды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Тәртіп сақшылары Мариса Алмиронды босатып алуға барғанда, адам сенгісіз нәрселерді көріп таңғалған. Өз туғандарының құрбанына айналған әйел адам жатқан төсек оның тек жатын орны ғана емес, дәрет сындыратын жеріне де айналып кеткен.

Марисаны бірден ауруханаға жеткізді. Ол қатты арықтап кетіп денсаулығына елеулі түрде зақым келтіріп алған. Оған қоса, 42 жастағы әйелдің жүйке жүйесін де де күрделі проблемалар орын алды.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті. Әзірге ешкім тұтқындалған жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
5
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel