RU
ОҚО-да жігітінен жүкті болып қалған 14 жастағы қыздың тойы өтеді
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да жігітінен жүкті болып қалған 14 жастағы қыздың тойы өтеді

Рассказать Вконтакте

ОҚО да жасөспірімдерге жар-жар айтылатын болды. ОҚО мамандандырылған кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралған сот ісі үйлену тойымен аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Той. Көрнекі фото: Styler - РБК-Украина

Той. Көрнекі фото: Styler - РБК-Украина

16 жастағы бозбала 14 жастағы жасөспірім қызбен жыныстық байланыста болғаны үшін қозғалған қылмыстық іс қаралды. Басында байқамай, кейіннен сотқа дейін жеткен бұл іске үлкендер араласып, үйлену тойын өткізбек болып шешіпті.

2001 жылы туған бозбала мен 2003 жылы туған жасөспірім қыз арасындағы төсек қатынасы 2016 жылдан бері жалғасып келген көрінеді.

Тек қыздың аяғы ауырлағанда барып бұл сұмдықтың беті ашылған. Ата-анасы полицияға арызданып, тергеу жүргізіліп, іс материалдары сотқа жолданады.

Сот тергеуі барысында жəбірленуші сотталушымен өз еркімен байланыста болғанын, ешқандай шағым-арызы жоқтығын мəлімдеген. Оның үстіне сот кезінде екі тарап та бейбіт мəмілеге келіп, үйлену тойына дайындықтың басталып кеткенін мəлімдеген.

Сот іс материалдарының барлық жағдайын ескеріп, жасөспірімге қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

"Қылмыстық кодекстің 68 бабына сəйкес, екі тараптың бейбіт келісімге келуіне байланысты, істі қарауды тоқтаттық. Бітімге келу медиатордың араласуымен болғанын айта кеткен жөн", - дейді ОҚО кəмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі соттың төрағасы Қанатбек Қоңыратбаев.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
6
8
1
3
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel