RU
Астанада жас жігіт бесінші қабаттан құлап, қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада жас жігіт бесінші қабаттан құлап, қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Астананың "Ақбұлақ таун" тұрғын үй кешенінде бесінші қабаттан жас жігіт құлап кетті. Ол оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды оқиға куәгерлеріне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Тұрғын үй. Көрнекі фото: 1obl.ru

Тұрғын үй. Көрнекі фото: 1obl.ru
Source: UGC

"Жас жігіт, шамамен 25-те, терезеден құлап кетті. Аулада үй тұрғындары болған, біреулер балаларымен серуендеп жүрсе, біреулер орындықта отырды.

Кенет бірнәрсенің құлаған дыбысын естідік. Қарасақ, адам құлап кетіпті. Бірден "жедел жәрдем" мен полиция келіп, бізден жауап алды. Қаза тапқан жігіттің құжаты бар екен", — деп хабарлайды көпқабатты үй тұрғындарының бірі.

Sputnik агенттігіне сұхбат беруші айтқандай, ер адам бұл үйде тұрмайды, біреуге қонаққа келіпті.

Астана Ішкі істер департаменті оқиғаны растап, мән-жайдың анықталып жатқанын алға тартты.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel