RU
Белгілі қазақ әншісі өз әндерін концертке өткізбейтін продюсерлерді қатаң сынады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Белгілі қазақ әншісі өз әндерін концертке өткізбейтін продюсерлерді қатаң сынады

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Ерлан Орынбасаров өзінің әнін сынап, оны үлкен концерттерде айтқызбайтын продюсерлерге сәлемдеме жолдады. Оның айтуынша, өнер саласы өкілдері тарапынан хит емес деп саналған "Жүрегім" әні қалың көпшілік көңілінен шығып, жақсы пікірлерге ие болып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы танымал әнші өзінің Instagram парақшасына жазба қалдыру арқылы мәлімдеді.

"БАЯН ӨЗ ПАРАҚШАСЫНДА!..... ӘН ҰНАДЫМА!??? деп сұрақ қойыпты! Коммент оқысам барлығы "ұнады,ән супер күшті "деп жазып жатыр! Менде сұрақ бар! Олай болса неге ән xит емес? Хит емес деген себебім, Концерттік үлкен бағдарламаларда осы әнді ұсынып орындайық, Халық алдына осы әнмен шығайық десек! БҰЛ ӘНДЕРІҢ ХИТ ЕМЕС,ОНША ЕМЕС деген жауапты концерт продюсерінен естідім! Расымен солай шығар деп үндемедім! Ал бүгін Баяшканың парақшасынан xалық жазған "ҰНАЙДЫ" деген пікірді оқып өз-өзіме сенім оянды! Расында мен үшін xалықтың пікірі маңызды, БІР ТОП ӘНШІНІ ЖОБАСЫНА ЖИНАП АЛЫП,ТЕГІН ӘН АЙТҚЫЗЫП (типа концерт арқылы таныласыңғой деп) ақша жинап жүрген концерт продюсері емес, ТАҒЫ АЙТАМ ХАЛЫҚ ПІКІРІ МАҢЫЗДЫ, Бізде қалай? Яғни ішкі куxня------- Сен үлкен жобада жүру үшін сол бағдарламалардың продюсерімен жақсы қарым-қатынаста болу керексің, болмаса өтірік жағымпаздану керексің, ЖӘНЕ ЕҢ БАСТЫСЫ ОЛ ШАҚЫРАТЫН ТОЙЛАРҒА ТЕГІН БАРУ КЕРЕКСІҢ! МЕН ҚАЗІР ТАНИТЫН ЖОБА ПРОДЮСЕРЛЕРІ МЕНДЕ СІЗДЕРГЕ ЕШҚАНДАЙ ЖАҒЫМПАЗДЫҚ ЖОҚ, ЖАСАНДЫЛЫҚ ЖОҚ, МЕН ҚАНДАЙМЫН ҮЙДЕ ,КӨШЕДЕ,ХАЛЫҚ АЛДЫНДА барлық жерде сон-дай-мын... Бізді қатыстырмай қойған әлгі жерге xалықпен бірге концертті тамашалауға билет алып бардым! Көрдім...Халық расында көп нәрсені 100% дұрыс айтады! Сол үшін мен жазылған әр бір комментті оқимын....".

Әншінің жанкүйерлері жазбаның астына әнге қатысты тек қана игі пікір қалдырып жатыр.

"Әннің мағынасы жақсы, өте сауатты жазылған. Керемет туынды, нағыз хит Ерлан аға" , - деп жарыса жазған оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel