RU
Талдықорғанда тоғыз жасар бала менингит күдігімен емханаға жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанда тоғыз жасар бала менингит күдігімен емханаға жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Талдықорған облыстық балалар емханасына тоғыз жасар бала менингит жұқтырды деген күдікпен жеткізілді. Бұл туралы Алматы облысы денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов хабарлады деп жазады BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Емхана. Көрнекі фото: Мамсила

Емхана. Көрнекі фото: Мамсила

«Қазір бала дәрігерлердің қарауында ем қабылдап жатыр. Әзірге нақтылап еш нәрсе айта алмаймыз. Тек менингитке шалдықты деген күдік бар, толық білу үшін уақыт керек», - деді Ерғали Сыдыманов.

Осыдан аз уақыт бұрын Талдықорғанда екі жігіт менингит жұқтырды деген күдікпен емханаға жатқызылған.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің шешімімен олар ауруларынан айығып, емханадан шығарылды.

Қазір Талдыдықорғандағы медициналық мекемелерде үш науқас емделуде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel