RU
Алматыда Брест қамалын қорғаған соңғы қазақ солдаты көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Брест қамалын қорғаған соңғы қазақ солдаты көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда тұрғындар Ұлы Отан Соғысының ардагері Ғаббас Жұматовты ақтық сапарға шығарып салды деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Ғаббас Жұматов. Фото: gerou.kz

Ғаббас Жұматов. Фото: gerou.kz

Ғаббас ақсақал, екінші дүниежүзілік соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан, Брест қамалын қорғаған соңғы қазақ ардагері болатын.

22 жасында майданға аттанған қазақ сарбазы Мәскеуді қорғаудан бөлек Украина, Румыния, Югославия, Венгрия, Австрия елдерін неміс фашистерінен азат ету үшін қиян-кескі ұрыстар жүргізді.

Соғыста бірнеше рет ауыр жарақат алса да, жазылған соң қайсар жауынгер қайтадан майдан даласына сұранып отырған.

99 жасында дүниеден озған Ғаббас Жұматовты ақтық сапарға шығарып салуға қоғам қайраткерлері, кейін бейбіт өмірде бірге қызметтес болған әріптестері мен шәкірттері жиналды.

«1100 жылдығын өткіземіз деп тойға дайындалып жүргенде өмірден озды. Қарасаңыздар жарқын өмір сүрді. Мына соғыста кім соғысты, қалай соғысты деп әртүрлі баға беріп жатқан кезде ағамыздың рөлі зор болды. Ешуақытта тынбайтұғын», - деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel