RU
Министр Шудағы пойыз апатының себебіне қатысты пікір айтты
Жаңалықтар Қоғам

Министр Шудағы пойыз апатының себебіне қатысты пікір айтты

Рассказать Вконтакте

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Астана-Алматы" бағытындағы пойыз вагондарының темір жолдан шығып кетуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министр. Коллаж: фото primeminister.kz, видеодан скриншот

Министр. Коллаж: фото primeminister.kz, видеодан скриншот

Жеңіс Қасымбек темір жол апатына себептердің барлық нұсқасы қаралып жатқанын алға тартты. Ол оқиға болған аумақта пойыз жүрісі қалпына келтірілгенін атап өтті.

"Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ресми түрде барлық материалды береміз", - дейді Қасымбек.

Сонымен қатар, ол арнайы комиссияның пойыз машинисінің әрекеті қаншалықты дұрыс болғанын тексеріп жатқанын айтады.

Еске салсақ, 17 маусым күні Жамбыл облысында "Бәйтерек" пойызы темір жолдан шығып кетіп, 11 адам зардап шеккен және 12 жастағы бала мерт болған еді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel