RU
Бұршақ пен дауыл: Еліміздің екі облысында дауылдық ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Бұршақ пен дауыл: Еліміздің екі облысында дауылдық ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қазгидромет РМК Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото sdska.ru сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото sdska.ru сайтынан алынды
Source: UGC

Синоптиктердің болжамынша, 19 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады – жылдамдығы 17-22 м/с, күндіз ұйытқуы 23-28 м/с.

Сондай-ақ, қатар ертең күндіз Өскеменде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с.

Қостанай облысында 19 маусымда кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Дауыл соғу ықтималдығы 90-95%.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel