RU
Тағы бір қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)
Жаңалықтар Спорт

Тағы бір қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегінде грузиялық Иракли Гвенетадзені нокаутпен жеңді, деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жан Кособуцкий

Жан Кособуцкий

Отандасымыз Киевте өткен бокс кешінің андеркартында жұдырықтасты. Бұл кештің басты жекпе-жегі WBA жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы украиналық Артур Далакян (16-0, 11KO) мен Таиланд боксшысы Сиричай Тайен (50-3, 35KO) арасында өтті.

Негізі жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Алайда қазақстандықтың ауыр соққыларынан кейін кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Бірінші раундта жеңіс техникалық нокаутпен Жан Кособуцкийге берілді. Осылайша, ол алтыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.

Ал 27 жастағы грузиялық боксшы 10 айқас өткізіп, оның 8-інде жеңіліске ұшырап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel