RU
Швеция Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңіп кетті
Жаңалықтар

Швеция Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңіп кетті

Рассказать Вконтакте

"F" тобындағы екінші ойында Швеция құрамасы Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңді. Шведтердің тағдырын пенальтиден соғылған жалғыз гол шешкен деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: telegraf.com.ua

Фото: telegraf.com.ua
Source: UGC

Қос құрама арасындағы ойын Нижний Новгородта өтті. Бірінші таймда 0:0 есебімен тең тарқасқан құрамалар екінші таймда гол соғуға асықты.

64 минутта кәріс жартылай қорғаушысы Ким Мин У өз айып алаңында хавбек Виктор Классонға қарсы ойын ережесін бұзды. Басында бас төреші Хоэль Агильяр пенальти белгілемегенімен, видеоқайталаудан кейін пенальти болады деп шешім қабылдаған.

Нәтижесінде 11 метрлік айып соққысын орындаған Андреас Гранквист шведтерге жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, кеше бұл топта Мексика құрамасы Германияны 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel