RU
Жеңіс Қасымбек жолаушылар пойызына жүк пойызы соғылған деген болжамды жоққа шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Жеңіс Қасымбек жолаушылар пойызына жүк пойызы соғылған деген болжамды жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Жолаушылар пойызына жүк пойызы соғылған деген болжамды Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек жоққа шығарып отыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

"Арнайы комиссия машинистің кінәсі бары, не жоғын анықтауы тиіс. "Апат болған пойыз екінші пойызбен соғысты" деген болжам да шындыққа жанаспайды. Оқиға орнында түрлі тәжірибе жүргіздік. Оның үстіне аударылып қалған пойыз жолға шығарда техникалық тексеруден өткен", - дейді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Жамбыл облысында болған темір жол апатының себебін арнайы комиссия тексеруге кірісті. Тіпті, Ресейден арнайы мамандар шақырылған. Қорытындысы тек бір айдан соң белгілі болмақ.

"Пойыздың жарамдылығы бәрі дұрыс. Машинист тежегішпен шұғыл тоқтатқан. Себебін комиссия айтады. Сараптама жүріп жатыр. Шетелден маман шақырдық", - дейді Инвестиция және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel