RU
ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Панаманы тас-талқан етіп жеңді
Жаңалықтар

ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Панаманы тас-талқан етіп жеңді

Рассказать Вконтакте

"G" тобының басты фавориттері Бельгия құрамасы Әлем біріншілігінің дебютанты Панама құрамасын 3:0 есебімен ұтып, топта көш бастады деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: kaperclub.com

Көрнекі фото: kaperclub.com

Ойынның алғашқы бөлігінде панамалық футболшылар қорғаныста сауатты ойнайған. Тіпті, бірінші тайм бойы Лукаку, Азар, Де Брюйне секілді жұлдызды ойыншылардың шабуылдарына да тосқауыл қоя білген еді.

Алайда екінші таймда Роберто Мартинес шәкірттерінің ойыны түрленіп сала берді. Нәтижесінде үзілістен соң, ойынның 47-ші минутында Дрис Мертенс алғашқы голды соғып, есеп ашты.

Ал ойынның 69-ші және 75-ші минутында "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Ромелу Лукаку соғылған қос голдың авторы атанып, бельгиялықтарға жеңіс сыйлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel