RU
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жаууы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жаууы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 19 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңбыр. Көрнекі фото: Вокруг света

Жаңбыр. Көрнекі фото: Вокруг света

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай мен жаңбыр жауып, жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ болуы мүмкін.

Павлодар облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді. Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel