RU
Алматының әл-Фараби даңғылында бойжеткенді көлік қағып өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

Алматының әл-Фараби даңғылында бойжеткенді көлік қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Алматыда бойжеткен тыйым салынған жерден жолды кесіп өтпек болған. Көлік жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатқандықтан, тоқтап үлгермеген деп хабарлайды Sputnik Қазақстaнға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Қайғылы оқиға бірінші президент саябағының маңында болған. NIssan X-trail маркалы автокөлігі батыс бағытында жүріп келе жатты.

Жүргізуші кенеттен жолды жүгіріп өтпек болған қызды көре сала көлікті тоқтатуға кіріскен. Алайда, үлкен жылдамдықпен келе жатқандықтан, үлгермей, бойжеткенді қағып кетті. Сансыз жарақат алған ол оқиға орнында жан тапсырған.

Жол апаты болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel