RU
Пойыз апатынан көз жұмған жеткіншектің денесі туған жеріне жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

Пойыз апатынан көз жұмған жеткіншектің денесі туған жеріне жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Пойыз апатынан көз жұмған Алексей Мальневтың денесі бірнеше сағат бұрын туған жері Қарағандыға жеткізілді. Қазір қара жамылған отбасы баланы ақтық сапарға шығарып салуға дайындалып жатыр деп хабарлайды 31 арна.

Пойыз апаты. Куәгерлер фотосы

Пойыз апаты. Куәгерлер фотосы

Еске салсақ, Шу маңында пойыздың жолаушыға лық толы сегіз вагоны аудырып кеткені туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Бес жыл бойы өмірге келуін күткен ұлдарынан Мальневтер отбасы бес минутта мәңгіге айырылды. Оқуда озат, үйдің мақтанышы болған Алексей небәрі 12 жаста еді.

Үш бірдей вагоны аударылған Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызына өз аяғымен мінген баланың өлі денесі Қарағандыға 18 маусым күні жеткізілді.

Тұңғыштарынан қапыда көз жазып қалған ата-ана тілшілерге тіл қататындай жағдайда емес. 12 жастағы Алексей осыдан екі күн бұрын әке-шешесі, алты жасар інісімен бірге Қырғызстан еліне қыдыруға шыққан екен.

Жанұя Астананың темір жол вокзалында Бәйтерек пойызының 12 вагонына алаңсыз мінген. Марқұмның әкесі «Алексей менің артымнан тамбурға шығып келе жатқан. Артында бала көтерген шешесі болды. Пойыз аударылғанда бала алдыға ұшып барып, тасты құмға жаншылып кетті» дейді.

"Бұндай қайғы ешкімнің басына түспесін. Өте қиын. Алексейдің анасы сағат үштен аса қоңырау шалды. Вагондардың аударылып қалғанын айтты", - дейді марқұмның әжесі Ольга Мальнева.

Ал баланың құмның астында қалып қойғанын туыстары бұқаралық ақпарат құралдарынан естігендерін айтады. Қаралы отбасы енді кінәлі адамдардың жауап беруін талап етеді.

"Әрине ол темір жолшылардың кінәсі. Вагондар біздің кесірімізден аударылған жоқ қой. Солардың кінәсі. Енді жауап берсін", - дейді марқұмның тәтесі Анна.

Қыршын кеткен Алексей Мальневтің мәйіті апат болған Шу бекетінен Қарағанды қаласына жеткізілді.

Мұнда марқұмның жақындары табытқа тапсырыс беріп, туған жері Қушоқы ауылына оралады. Пойыз апатынан көз жұмған баланың денесі жер қойнына бүгін тапсырылады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
13
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel