RU
Темір жол апатында қаза болған баланың отбасына екі млн теңге жәрдемақы берілмек
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Темір жол апатында қаза болған баланың отбасына екі млн теңге жәрдемақы берілмек

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында болған темір жол апатының салдарынан діттеген жеріне жете алмаған жолаушыларға билеттер қайтарылып, материалдық көмек көрсету қарастырылған. Ал темір жол апатында көз жұмған баланың жанұясы екі миллион көлеміндегі жәрдемақы алмақ деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Жамбыл облысында болған темір жол апатының себебін арнайы комиссия тексеруге кірісті. Тіпті Ресейден арнайы мамандар шақырылған.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сол күні Бəйтеректі тізгіндеген машинист 25 жыл бойы пойыз жүргізіп келген. Оның айтуынша, сол күні жылдамдық шамадан тыс аспаған.

"Қазақстан темір жолы" басшылығы сол күні пойызға мінген жолаушыларға ақысын қайтарып береміз дейді. Бірақ əзірге 800 жолаушының тек 76-сы билет ақысын қайтарып алыпты.

Қаза тапқан баланың отбасына 2 млн теңгеден астам жәрдемақы төленетін болды. Сондай-ақ зардап шеккендерге де материалдық көмек қарастылған.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
3
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel