RU
Тірідей көмілген суретші үш күннен соң аман-есен жер бетіне шықты (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тірідей көмілген суретші үш күннен соң аман-есен жер бетіне шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Тасманиядағы Хобарт қаласында қызықты оқиға орын алды. Аустралиялық суретші Майк Парр үш күн бойы жер астында тірідей көміліп жатқан. Бұл әрекетке ер адам өз еркімен келіскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: mignews.com

Фото: mignews.com

Өзінің бұл қылығымен Майк Парр тоталитарлы режимнің құрбанын бейнелеуге тырысқан. Оған қоса адам төзімділігін де тексеріп көрмек болды.

73 жастағы ер адам көмілген контейнер 1,7 метр тереңдікке орналастырылып, ол жер астында 72 сағат бойы болған. Суретші өзімен бірге кітаптар, жазуға арналған қарындаштар, қоқыс жәшігі мен тағы да басқа нағыз қажетті заттарды алып алды.

Dark Mofo /Rémi Chauvin

Dark Mofo/Rémi Chauvin

Үш күн өткен соң, жер қойнауына көмілген Майк Парр жер бетіне шықты. Ер адам көмілген контейнерді жер астынан алып шығу үшін ауыр техника жұмылдырылған.

Көпшілік суретшінің әсерін білгісі келгенімен, ол жер бетіне шығып, ешкімге үн қатпады. Бар айтарын ол суретшілер форумында айтамын деп сөз берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel