RU
Қостанай автовокзалында сәбиін тастап кеткен анаға іздеу салынды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай автовокзалында сәбиін тастап кеткен анаға іздеу салынды

Рассказать Вконтакте

Қостанай автовокзалындағы ана мен бала бөлмесінен бір жарым жасар ұл бала табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Alau.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанай

Көрнекі сурет

Ведомствоның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, оқиға 17 маусым күні сағат 20.30-дар шамасында болған. «102» пультіне автовокзалдағы ана мен бала бөлмесінде сәбидің жалғыз жатқаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына ювеналды полиция мен жедел қызмет мамандары жұмылдырылған.

Сәби шамамен бір жарым жаста. Оның қасында ауыстыратын киімдері мен бөтелке салынған екі пакет болған. Осы іске қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Сәбидің анасы іздестіріліп жатыр.

Полицейлер осы іске қатысты облыс тұрғындарына үндеу жолдап, қандай да бір ақпаратқа ие болса, міндетті түрде хабарлауын сұрауда.

Телефон нөмірі: 8-777-363-04-24 немесе «102».

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel