RU
Кәрістерге "ессіз ғашық" болған қазақ жігіті желіде жұлдыз болды
Жаңалықтар Қоғам

Кәрістерге "ессіз ғашық" болған қазақ жігіті желіде жұлдыз болды

Рассказать Вконтакте

Интернет кеңістігінде концертке келген кәріс тобына махаббатын жаудырған қазақ жігіті көпшілікті күлкіге қарық қылды. Ол әншілердің өнер көрсетуінен алған әсерімен өзінің әлеуметтік желісінде бөліскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram/baddas_kazakh

Фото: Instagram/baddas_kazakh

Қамза Қайсар есімді ер жігіт өзінің Instagram парақшасына концерт кезіндегі әсерімен бөлісіп, желі қолданушылардың көңілін көтеріп жіберді.

Бейнежазбада ол өнер көрсетіп жатқан кәріс тобына өз махаббатын білдіріп, олардың әніне билеп тұрғаны көрініс тапты. Ол өз қуанышын жасыра алмай, сүйікті тобының өлеңдеріне секіріп бір орында тұра алмаған.

Видеоның астына ер жігіт "Астроның ең белсенді жанкүйері" деген жазба қалдырды.

Интернет қолданушылары атаулы видеоға өз лүпілдерін жаудырып, бір-бірімен бөлісіп жатты.

Сіздің реакцияңыз
19
5
2
2
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel