RU
Садақаны жар салып берген жігіт құрт сататын әжейді ұятқа қалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Садақаны жар салып берген жігіт құрт сататын әжейді ұятқа қалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана құрт сататын әжейге 4200 теңгені беріп, оны видеоға түсіріп алған жігіт, кейуананы ұятқа қалдырды. Осы іске қатысты құрт сататын әжейдің өзі видеоүндеу жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Құрт сататын әжей. Фото: sn.kz

Құрт сататын әжей. Фото: sn.kz

Әжей Асқар есімді жігіттің атынан өзгелерге тегін құрт таратқанын, алайда жігіттің кесірінен көпшілік алдында мазаққа айналғанына өкпеледі.

Қария ешкімнен қайыр сұрамаған, құрттарын сатып, өз күнін өзі көріп жүрген жан. Алайда Асқар есімді жігіт жақсылық жасап қана қоймай, онысын видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген екен.

"Асқар балам, сенің берген садақаңа рахмет. Сол кезде берген 4200 теңгеңе "Қайыршыларға құрт таратамын" деп айтқан болатынмын. Ертесінде "Ауыл берекеге" барып, Рамазан айында сенің атыңнан сол кісілерге құрт таратып бердім. Бірақ мені видеоға түсіріп алғаның дұрыс болмады. Бұдан кейін достарым, құда-жекжаттарым, бүкіл қала маған күліп жатыр. Осы қылығың дұрыс болмады", – дейді видеоүндеуде әжей.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
39
0
0
11
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel