RU
Қайрат Нұртастың анасы көпшіліктен ұлының жүрегіне тиетін ауыр сөз айтпауды сұрады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың анасы көпшіліктен ұлының жүрегіне тиетін ауыр сөз айтпауды сұрады

Рассказать Вконтакте

Хитмен әнші Қайрат Нұртас үнемі сын садағына ілініп жүреді. Оның әр басқан қадамы халықтың назарында. Ұлына түрлі пікір білдіретін көпшілікке Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өтініш білдірді. Ол көпшіліктен ұлының жүрегін тиетін ауыр сөздер айтпауды сұраған деп хабарлайды NUR.KZ.

Айдарбекова мен Қайрат Нұртас. Фото: www.instagram.com/gulziraaidarbekova

Айдарбекова мен Қайрат Нұртас. Фото: www.instagram.com/gulziraaidarbekova

"Қайратымның ең алғашқы әнінде "Теңіздерді кешіп өтіп жетпей ме? Сағынғанда өз баласын, ару ана" деген сөз жолдары бар еді. Баламның анаға деген құрметін, барша аналардың ұл-қыздарына тілер едім. Кішкентай кезінен бала арманы, мені бақытқа жеткізу болатын. Сол армандарын орындап, алақанына салып жүргені үшін, жүрегіне тиетін сөздер айтпасаңыздар екен.

"Неге анасы жанында" деген сияқты сөздерді айтпасаңыздар екен. Келінім ұнатпаса өзім-ақ "Менің шаруам көп" деп жоламауға тырысушы едім. Орталарында бақыттан басымның айналып жүргені, Жұлдызымның да алтын келін болғанынан шығар. Баршаңызды балаларыңыз бақытқа жеткізсін", - деп сөзін аяқтады Гүлзира Айдарбекова.

Ал желі қолданушылары продюсердің балаларын өте мәдениетті етіп тәрбиелегендеріне алғыс айтып, ақ тілектерін жаудырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
3
2
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel