RU
Шу маңында аударылған пойыздың машинисі қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Шу маңында аударылған пойыздың машинисі қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

"Астана-Алматы" бағытында жолға шығып, аударылып қалған пойыздың машинисі қамауға алынды. Сонымен қатар пойызда кезекшілікте болған жолсеріктер де тергеуге шақырылды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Пойыз. КТК арнасынан скриншот

Пойыз. КТК арнасынан скриншот

Оқиға орнында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр, тергеуге ресейлік мамандар да кіріскен.

Зерттеу барысында жолсеріктер тергеуге алынған болса, пойыз машинисі қамауға алынды.

Шудағы пойыз апаты болмастан бұрын дәл осы жолмен басқа пойыз жүріп өткені белгілі болды.

Апат барысында жапа шеккендердің барлығына «Қазақстан темір жолы» өтемақы төлейтін болды.

Қаза болған жасөспірімнің ата-анасына 2 млн теңге, ал зардап шеккен жолаушыларға 500 мың мен 1 миллион теңге аралығында өтемақы төленеді.

18 маусымда «Қазақстан темір жолы» басқармасының өкілі қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатқандығы туралы мәлімдеме жасады.

«Бүгінгі күні ҚТЖ-ның барлық бағыттары бойынша жөндеу жұмыстары күшейтілді. Бүгін сағат 14:00-ден бастап, 9 техника мен 300 жұмысшы жолдарды жөндеуге кіріседі. Барлық жөндеу жұмыстарын кешкі 23:00-ге дейін аяқтауды көздеп отырмыз», - деді ол.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel