RU
Өте нашар: Баян Алагөзованың жігіттері түсірген жаңа клип сынға ұшырады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өте нашар: Баян Алагөзованың жігіттері түсірген жаңа клип сынға ұшырады (фото)

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзованың продюсерлігімен түсірген "Алау" тобының жаңа бейнебаяны шықпай жатып, сынға ұшырады. "Енді тыңда" деп аталатын әннің сөзі де, клиптегі жігіттердің әрекеттері де көпшілікке жақпай қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Алау" тобы. Фото:www.instagram.com/bayanmaxatkyzy

"Алау" тобы. Фото:www.instagram.com/bayanmaxatkyzy

Youtube парақшасында жарияланған бейнебаянды көрген көпшілік әннің сөзін де, мағынасын да түсінбегендерін жарыса жазуда.

"Масқара. Жаңа ғана не көрдім?", "Сөздеріңде мән де жоқ, мағына да жоқ", "Хайп деп жүріп өлетін болдыңдар ғой", "Қазіргі заманның хиті мағынасыз әндер болғанымен, "Алау" тобына бұл стиль жараспайды", "Мынау не сұмдық?".

"Баян Мақсатқызының кезекті жұмысы", "Baller-сіз клип түсіре алмайтын жағдайға жеткенсіздер ме?", "Өз-өздеріңді масқаралап, не істеп жүрсіңдер?", "Көшенің "қыздарына" айналыпсыздар ғой", "Миллион жинағыларыңыз келді ме? Бірақ, адамдар мынаған уақыт құртады деп айта алмаймын" деп шуласты оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel