RU
Шымкенттегі аквапарктердің бірінде 14 жастағы бала комаға түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкенттегі аквапарктердің бірінде 14 жастағы бала комаға түсті

Рассказать Вконтакте

14 жастағы жасөспірім Шымкенттегі бассейндердің бірінде шомылғаннан кейін ауыр халде жатыр деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Емхана. Фото: bloomdiet.com

Емхана. Фото: bloomdiet.com

Оқиға 11 маусым күні болған. Шымкент жедел көмек көрсету емханасының кезекші дәрігерінің мәлімдеуінше, жасөмпірім кешкі сағат 18:00-де аквапарктен жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.

«Ол бізге суға тұншыққаннан кейін комаға түскен күйінде жеткізілді. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Қажетті шаралардың барлығын қолдандық. Суға тұншыққаннан басқа өкпесі ісінген және қуығы жарылған. Науқасқа жедел түрде ота жасалды», - деді дәрігер.

Қазір баланың жағдайы нашар. Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel