RU
Кене шаққан баласы сал болып қалған ана жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Әлемде

Кене шаққан баласы сал болып қалған ана жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Шотландиялық жеті жасар Адам Митчелді өткен жылдың сәуір айында кене шағып алған. Салдарынан балақай есте сақтау қабілетінен айырылып, сал ауруына шалдыққан деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Адам Митчелл. Фото: Life.ru

Адам Митчелл. Фото: Life.ru

Бұрын Адам өте көңілді әрі спортты жақсы көретін бала болған. Алайда кене шаққалы ол мүлде басқа күйге түскен.

"Бірден өз-өзіне сыймай, жерге жатып жылай бастады. Кішкентай інісіне айқайлады. Мектептен келе салып, төсекке жатып қалды.

Бір уақытта қызуы көтеріліп, денесінде бөртпе пайда бола бастады. Содан кейін оны бірден дәрігерге алып бардым", - дейді Адамның анасы Эми.

Адам Митчелл. Фото: Life.ru

Адам Митчелл. Фото: Life.ru

Дәрігер балаға ем ретінде парацетамол жазып береді. Бірақ ол Адамның жағдайын жақсартпай, мектепте отырған уақытта бір жақ беті семіп қалады. Тағы бір апта өткен соң Адамның денсаулығы күрт нашарлап, бет-ауызы жансызданып кетеді. Дәрігерлер балақайға Лайм ауруы деген диагноз қояды.

"Балам тексеруден өткен соң, инфекция оның миына жетіп, жүйке жүйесін улағаны анықталды. Адамға антибиотиктер салған соң, үш аптада жағдайы дұрыстала бастады.

Бірнеше айдан кейін бет мимикасы қалпына келіп, қайта сөйлей бастады. Бірақ миы енді бұрынғы қалпына түспейді екен", - дейді Эми.

Баласы үшін жанұшыра алаңдаған әйел басқа да ата-аналарға кішкентайлар үшін абай болуды ескертеді.

Адам Митчелл. Фото: Life.ru

Адам Митчелл. Фото: Life.ru

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel